Ресейде гастарбайтер отандастарымыз көбейіп барады

Фотография - Ресейде гастарбайтер отандастарымыз көбейіп барады

 Бұл туралы ресейлік РИА новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты сараптама орталығының директоры Андрей Казанцев мәлімдеп отыр

219 0

 Бұл туралы ресейлік РИА новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты сараптама орталығының директоры Андрей Казанцев мәлімдеп отыр, - деп жазады Skifnews.kz онлайн-газеті.

«Бұрын қазақстандық гастарбайтерлер мұнша көп болмайтын. Алайда, қазіргі уақытта бізге ақша табу үшін Қазақстанның оңтүстігінен келетін жастардың саны артып келеді», – дейді Андрей Казанцев өз сұхбатында. Сондай-ақ, ол Қазақстаннан баратындар арасында қарапайым жұмыс күші ғана емес, сонымен бірге, ғылыми қызметкерлер мен топ-менеджерлердің де бар екенін айтады.

Ресей Федералды көші-қон қызметінің мәліметі бойынша, биылғы тамыз айының соңына қарай Ресей аумағында 600 мың қазақстандық болған. Бұл дерек көршілес Қырғызстаннан барғандарға қарағанда отандастарымыздың 23,5 мың адамға көп екенін көрсетеді. Ресейлік маман мұны Кедендік Одақтың әсері ретінде бағалап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!