Ресейлік білгірлер қазақ жұмбағын шеше алмады

Фотография - Ресейлік білгірлер қазақ жұмбағын шеше алмады

Ресейдің "Что? Где? Когда?" деп аталатын танымал интеллектуалдық ойынына сұрақ жіберген атыраулық студент қомақты жүлде иемденді.

229 0

Ресейдің "Что? Где? Когда?" деп аталатын танымал интеллектуалдық ойынына сұрақ жіберген атыраулық студент қомақты жүлде иемденді.

Мансұр Мұқымов қойған қазақы жұмбақтың шешуін ойынға қатысушылардың бірде-бірі таба алмаған. Ойда-жоқта Мәскеуден хабар келгенде сеніңкіремеген Мансұр кейін ойынды тамашалап, жұмбақты ешкім шеше алмаған сәтте ғана көзі жетті.

«Жастайымнан осындай ойындарды жақсы көрдім. Осыған неге қатыспаймын деп ойланып жүріп ақыры үш-төрт жыл бұрын бірнеше сұрақ жіберіп едім. Соның былтыр қыста 2012 жылы жібергенімді алыпты», - дейді Мансұр Мұқымов.

Мектепте жақсы оқыған Мансұр университетте де үздіктердің қатарында. Спорт десе ішкен асын жерге қояды. Анасының айтуынша, ұлы бала кезден зерек болып өскен.

«Үйде бізге көп сұрақтар қоятын. Танымдық кітаптарды көп оқыды. Өзі үнемі осындай интеллектуалды ойындарға қызығып жүреді. Үмітімізді ақтап жатыр», - деп атап өтті Мансұрдың анасы Дильбар Зейнеденова.

Ойын тәртібіне сәйкес сауалға ешкім жауап бере алмаған жағдайда жүлде сұрақ иесіне беріледі. Осылайша, Мансұр әп-сәтте 250 мың теңгені иемденді. Ол қаржыға ақыл, ой-парасатын жетілдіре түсетін оқу-құралдарын сатып алуға жұмсамақ ниетте. Алға қойған мақсаттарының бірі – Қазақ елін жат жұртқа барынша таныта түсу.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Телеидар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!