Көшеде уағыз айтатындар заңмен жазаланады

Фотография - Көшеде уағыз айтатындар заңмен жазаланады

Бұл жайында бүгін ҚР Дін істері агенттігінде өткен баспасөз жиынында агенттік төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин мәлімдеді.

194 0

Көшелер мен үйлерді аралап, уағыз айтып жүрген діндарларды көрсеңіз дереу құқық қорғау органдарына хабар беріңіз. Бұл жайында бүгін ҚР Дін істері агенттігінде өткен баспасөз жиынында агенттік төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин мәлімдеді.

"Көшеде жүріп дін жайғандардың да, діни әдебиет таратқандардың да әрекеті заңсыз. Кітаптар тек кітап дүкендерінде ғана сатылу керек. Бұл заңды бұзса кез-келген діни ағым өкілі әкімшілік жазаға тартылады. Сондай-ақ, шетелден келген миссионерлер өзі тіркеуге алынған қалада ғана діни әрекетін жасауы тиіс" деді Ғ.Шойкин.

Десек те бұл тәртіпке бағынып жүрген діндарлар кемде-кем. Дін істері агенттігінің басқарма басшысы Назым Мұқанова да осыны айтып отыр.

"Миссионерлерге тек айыппұл салумен ғана шектелеміз. Олар біздің заңнамамызды менсінбейді. Тексеру жүргізсең дереу халықаралық ұйымдарға арызданып, діни көзқарасымыз үшін қудаланып жатырмыз деп шу шығарады" деді Н.Мұқанова сөз барысында.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!