Қазақстандықтардың 73%-ы діни білімді ғаламтордан алады

Фотография - Қазақстандықтардың 73%-ы діни білімді ғаламтордан алады

«Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73%-ы дін туралы білімді ғаламтордан алады», – деп хабарлады «ҚР-дағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ жетекшісі Кәкімжан Бишманов.

223 0

«Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73%-ы дін туралы білімді ғаламтордан алады», – деп хабарлады «ҚР-дағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ жетекшісі Кәкімжан Бишманов.

«Біз күткендей, веб-сайт арқылы – 73%-ы, тв-бағдарламалар арқылы – шамамен 9%, біз тыңдайды тағысын тағы деп айтып жүрген діни ұстаздармен сөйлесу әдісімен – бар болғаны 6%», - деп хабарлады К.Бишманов бейсенбі күнгі лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет бойынша семинарда. 

Оның ақпарынша, сұралған азаматтардың тек 5%-ы ғана діни танымды кітаптардан алады, мұнымен қатар 72%-ы Қазақстанда экстремистік және лаңкестік ұйымдардың қауіптілік деңгейін төмен деп санайды, 20%-ы – орташа және 7%-ы - жоғары.

«Бұл біздің халықтың толық бейқамдығын көрсетеді», - деп назар аударды сарапшы.

Сонымен бірге, К. Бишмановтың ойынша, елде лаңкестік қаупі бар әрі ол қатер шынайы. Мұнымен қатар, мәселе жеке қауіпсіздікке келгенде, зерттеу нәтижесі керісінше көрсетті. Атап айтқанда, сұралғандардың 87%-ы өз жеке қауіпсіздік деңгейінің өте төмен екеніне сенімді.

«Бұл жақтан қарағанда олар қауіп жоқ дейді, басқа жағынан, олар өте нашар қорғалғандығын айтып шағымданады», - деп атап өтті К. Бишманов.

Одан бөлек,  сұралғандардың 77%-ы құқыққорғау органдарының дайындығы төменгі деңгейде екенін атап өтсе, 17%-ы бұл көрсеткішті орташа деп және тек 4%-ы жоғары деп бағалады. Мұнымен бірге сұралғандардың 75%-ы радикалды мазмұндағы алуан түрлі діни ағымдарды таныстыратын адамдардың тобын экстремистік ұйым деп санаса, 18%-ы қылмыстық банда құрайтын адамдар тобы деп топшылайды.

«Лаңкестік пен діни экстремизмді бір себетке салуға болмайды, себебі діни экстремизм идеялық негізге, ал лаңкестік қылмыстық негізге ие», - деп толықтырды сарапшы.

К. Бишмановтың сөзінше, респонденттердің 73%-ы үшін заманауи лаңкестердің түрі сыртқы келбетімен басқалардан ерекшеленбейтін адамдар болса, сұралғандардың 10%-ы үшін олар үлкен дорбасы мен сөмкелері бар адамдар болып ассоциацияланады, 8% үшін – діни киімдердегі адамдар, 5,3%-ы үшін лаңкес болып сақалды адамдар көрінеді.

Айтылған ақпарға сәйкес, Қазақстан аумағында экстремизм мен лаңкестіктің пайда болуы және таралу себебі арасында респонденттердің 34%-ы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төменгі деңгейін атап өтсе, 28%-ы діни ұйымдардың белсенділігін білдірген.

Ғаламтор желісінде жүргізілген сұралымға 500 адам қатысқан, сұралушылардың 72%-ы исламды ұстанады,  9%-ы – христиандық, 3%-ы - буддистер, 15%-ы - атеистер.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!