Алматыда құлағалы тұрған ағаштарды кесу жұмыстары келесі жылы аяқталады

Фотография - Алматыда құлағалы тұрған ағаштарды кесу жұмыстары келесі жылы аяқталады

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

208 0

Алматыда құлағалы тұрған ағаштарды кесу жұмыстары 2014 жылы аяқталады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

«Біз 35 мың ағашты кесіп, 120 мың ағаш отырғыздық дегенді айтқанда, барлығы бірінші санды сөз етеді де, екінші санды айтпайды. Біз ағаштарды еріккеннен кесіп жатқан жоқпыз. Бұл кәрі ағаштар адамдарға, көліктерге қауіп төндіреді. Сондықтан бұл жұмысты жоспарға сай жүргізіп жатырмыз. Келесі жылы аяқтаймыз», - деді Ахметжан Есімов

«Біз қалаға ағаштардың жаңа тұқымдарынотырғызып жатырмыз. Жыл бойы жасыл болып тұратын ағаштар ауаны тазартады», - деп толықтырды әкім.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!