Алматыда 4 автовокзал салынады

Фотография - Алматыда 4 автовокзал салынады

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

206 0

Алматы қаласының басты кіреберіс магистральдерінде 4 автовокзал салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Алматы қаласының басты кіреберіс магистральдерінде 4 автовокзал салу жобасын жүзеге асыруға кірісеміз. Олардың әрқайсысында 5000 автокөлікке шақталған тұрақ болады», - деді А.Есімов.

Сондай-ақ, бүгінде жеңіл рельстік көліктер желісі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр. Аталған жобаның құрылысын қаржыландыру үшін қалалық әкімдік пен ЕҚДБ (ЕБРР) арасында меморандумға қол қойылған.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың баспасөз-мәслихаты өтті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!