Елге белгілі адамдар қызықты оқиғаларымен бөлісті

Фотография - Елге белгілі адамдар қызықты оқиғаларымен бөлісті

 Елге танымал тұлғалар мен өнер саңлақтары өмір жолында кездескен қызықты оқиғаларымен бөлісті

273 0


Елге танымал тұлғалар мен өнер саңлақтары өмір жолында кездескен қызықты оқиғаларымен бөлісті - деп хабарлады  ҚазАқпарат 

Ермахан Ибраимов:

- Менің алғаш боксқа қатысып жүрген кезім. Орысша мүлдем білмеймін. Мені орыстың баласымен қарсылас етіп қойды. Мен солақаймын. Сол қолымды алға қарай қарсыласыммен жұдырықтасуға дайындалып тұрмын. Ол жігіт маған қарап: -"Ты левша? деді. Ал мен болсам, мынау мені левша деп тұр ма" деп тістеніп: "Нет я Ермахан" дегенмін.

Ғаділбек Жанай:

- Ауылдың сахнасында бірінші рет шығып, "Алыс кетсем мен сенен" деп басталатын "Туған жер" әнін айтатын болдым. Бастайын десем, сөзін ұмытып қалдым. Сөзі есіме түспей қойды. Домбырамды тартып отырмын, әлі түспей жатыр, әлі тартып отырмын. Халық күтіп отыр, терлеп кеттім. Ақыры есіме түсіре алмай, сахнадан шығып кеттім.

Нұржан Төлендиев:

- Бірде бір журналист қыз хабарласып, менен сұхбат алатын болып келістік. 2 күн өткен соң, әлгі журналист ұялы телефоныма;"Aga, kanwada joligamiz?" деп хат жазды. Жолдастарымнан сұрасам, олар "Канва" деген кафе бар деді. Кафені тауып, барып күтіп тұрдым. Қыз ғой, кешігіп жатқан болар дедім. Біраз уақыт өтті. Сосын шыдамым таусылды, өзім телефонына хабарластым да: "Әй, қарындасым-ау, келсейші ертерек, мен сені күтіп тұрмын ғой" десем, ол: "Ой аға, келем деп неге айтпайсыз? Қайда тұрсыз?"деп өзіме сұрақ қойып тұр. Сосын шыдай алмай: "Айтпағаны қалай? Канваға келдім ғой, өзің сонда кел деген жоқсың ба?" десем, ол маған: "Аға, қайдағы Канва? Мен сізге "қаншада" деп жазғанмын дейді. Түк түсінбей хатты қайта ашып қарасам, "Aga, kanwada joligamiz" деп жазып жіберіпті. Сөйтсем, менің В (W – АҒЫЛШЫННЫҢ ДАБЛЮ ӘРІПІ) деп оқып жүрген әріпім қазақша "ш" болып оқылады екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!