Қостанайда мектеп оқушылары қылмыскерді ұстауға көмектесті

Фотография - Қостанайда мектеп оқушылары қылмыскерді ұстауға көмектесті

Қостанайда №11 мектептің бес оқушысы полицейлерге ұрлық жасады деген күдіктіні ұстауға көмектесті

157 0

Қостанайда №11 мектептің бес оқушысы полицейлерге ұрлық жасады деген күдіктіні ұстауға көмектесті.

Жасөспірімдер белгісіз біреудің кетіп бара жатқан әйелдің бірінің сөмкесін жұлып әкеткенін көрген. Олар қылмыскердің соңынан тұра жүгірсе де, ол ұстатпай қашып кеткен. Мектеп оқушылары жақын маңдағы полиция бекетіне барып, тәртіп сақшыларына хабарлап, күдіктінің түр-әлпетін сипаттап берен. Жарты сағат өткеннен кейін ұры құрықталды. 34 жастағы қостанайлық жапа шегушінің 200 мың теңгеден артық ақшасы мен құжаттарын жойып үлгермеген. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Біз қосатанайлықтардың біреудің басындағы іске бей-жай қарамай, қылмыстар мен құқық бұзушылықты анықтап, ашуға көмектескісі келетіндіктерін жоғары бағалаймыз. Әсірсе полицейлерге көмек көрсетушілердің арасында жастарды көру көңілге қуаныш ұялатады», - деді Қостанай облысы ІІД ювеналды полиция бөлімінің басшысы Александр Пороховой. Жоғары сынып оқушыларының бұл ерлігі үшін Қостанай облысы ІІД оларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!