Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтті

Фотография - Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтті

Кеше Алматыдағы Астана алаңында Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мерке, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Тұрар Рысқұлов, Шу аудандарының шаруа қожалықтары жалпы салмағы 300 тоннаны құрайтын өнімдерін алматылықтарға ұсынды

326 0

Кеше Алматыдағы Астана алаңында Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мерке, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Тұрар Рысқұлов, Шу аудандарының шаруа қожалықтары жалпы салмағы 300 тоннаны құрайтын өнімдерін алматылықтарға ұсынды.

«Биыл екінші рет өтіп отырған бұл жәрмеңкеге тек Сарысу ауданынан жалпы құны 2 млн. теңгені құрайтын ет және сүт өнімдері әкелінді. Оның ішінде 1 жылқы, 6 мүйізді ірі қара, 60 бас қой еті мен құрт, ірімшік, жент және шұбат пен қымыз сияқты тауарлар бар. Көктемде өткен алғашқы жәрмеңкеде шамамен 2,5 млн. теңгенің өнімі саудаланған болатын», - дейді Сарысу ауданының ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Серік Елемесұлы. Оның айтуынша, сарысулық ауыл шаруашылығы өндірушілері Тараздағы жәрмеңкеде ай сайын өз өнімдерін сатады. Сондай-ақ Жаңатас қаласында апта сайын бал, егін шаруашылық өнімдері сатылатын жәрмеңке өтіп тұрады. Атап айтқанда, олар жыл басынан бері Жаңатас қаласының тұрғындарына ғана 80 млн. теңгенің ауылшаруашылық тауарларын сатқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!