Астанада заңсыз сақталған қаруды қабылдау акциясы қараша айының соңына дейін жалғасады

Фотография - Астанада заңсыз сақталған қаруды қабылдау акциясы қараша айының соңына дейін жалғасады

Елордада халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау акциясы 30 қарашаға дейін жалғасады.

259 0

Елордада халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау акциясы 30 қарашаға дейін жалғасады. Бұл туралы astana.kz сайты елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілетем жасап хабарлады.

«Акция басталғалы елорда тұрғындары 66 бірлік қару, соның ішінде, 12 иір ойықты және 50 тегіс оқпанды мылтық, 1 газ-травматикалық, 3 травматикалық, сонымен қатар, иір ойықты мылтыққа арналған 3 227 дана оқ-дәрі тапсырған», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, заңсыз сақталған қаруды тапсырған қала тұрғындарына 1 млн. 220 мың теңгеден астам қаржы төленді.

«Шара барысында заңсыз сақталған қару-жарақты тапсырған тұлғаларға қарудың түріне қарай әр бірлігі үшін 10-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төленеді»,- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. Бұдан басқа, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады.

Еске сала кетейік, Астанада халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау айлығы 1 қыркүйекте басталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!