Еуропа елдерінде ҮЕҰ көбіне идеялық мақсатқа құрылса, бізде табыс табу мақсатында құрылады

Фотография - Еуропа елдерінде ҮЕҰ көбіне идеялық мақсатқа құрылса, бізде табыс табу мақсатында құрылады

Ағымдағы жылдың 11 қазанында Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет қызметінің басым бағыттары мен оның алдында тұрған нақты міндеттерге айрықша тоқталып өткені есімізде

156 0


Ағымдағы жылдың 11 қазанында Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет қызметінің басым бағыттары мен оның алдында тұрған нақты міндеттерге айрықша тоқталып өткені есімізде. Осы орайда, аталған тақырыптың аясында ҮЕҰ-ның мемлекет қызметіне септесуі бойынша философ. ғ.д. PhD Еркін Масановқа бірнеше сауалдар жолдаған едік.

- Күні кеше ғана «Қазақстанның азаматтық альянсы» ұйымының басшысы Нұрлан Ерiмбетов Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырсында көтерген мәселені дамытып, елімізде Үкіметтік емес ұйымдар өз дәреже-деңгейлерінде жұмыс істеп жатқан жоқ деп мәлімдеді. Бұған қатысты не дейсіз?

- Негізі ол кісі дұрыс айтады. Біз азаматтық қоғам құрамыз дейміз. Бірақ сол жүйеге алып баратын үкіметтік емес сектордың дамуын дұрыс қадағаламаймыз. Нұрлан Ерімбетовтың өзі осы салада жүр. Қателеспесем, жуырда ғана үкіметтік емес ұйымдардың қаржыландыру жүйесiн өзгертудi ұсынған болатын. Яғни, бұрынғы үлгісінің орынына алдын ала төлеу және әрбiр жобаны қадам-қадам бойынша қаржыландыруды ұсынды. Бұл енді зерттеп, зерделейтін мәселе. Дегенмен, ҮЕҰ жұмысын жетілдіруге бағытталған бастама екендігін атап өту керек.

Әрине, ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Бұл ұйымдар жұмыс істеуде. Бірақ батыс стандарттары бойынша қоғамға ықпалы өте төмен десек те болады. Еуропа елдерінде ҮЕҰ көбіне идеялық мақсатқа құрылса, бізде табыс табу мақсатында құрылады. Осының өзі-ақ төл ерекшеліктерімізді көрсетсе керек.

- Сіздіңше, мемлекеттік құрылымдар неге үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге құлықты емес?

- Бірлесіп жұмыс жасамай жатыр деу, артықтау болар. Бірлескен түрде жұмыстар атқарылуда. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ әлгінде айтып өткенімдей, батыстық стандарттар бойынша ол жоғары деңгейде емес.

Біржағынан бұған біздің мемлекеттік құрылымдардағы кеңестік кезеңнен қалған діл де әсер етіп отыр. Үкіметтік емес ұйым бірінші кезекте биліктің жекелеген функцияларын азаматтық негізге көшіруді көздейді. Яғни, ілкі табиғаты солай. Ал, мемлекеттік мекемелер соған қарап, өзіне бәсекелестік тудырушы буын пайда болып жатқандай түсінікте болады.

Шындығында, ҮЕҰ олардың жұмысын жеңілдетіп, басты-басты мәселелерге назар аударуына жол ашар еді - деп хабарлады  baq.kz

Бірақ, бұл уақытпен бірге келетін нәрсе. Түбі олар жеке секторға өзіндік міндеттерінің біршамасын беруге мәжбүр болады. Өйткені, әлемдік тренд, заманауи ағыс сондай. Сондықтан да, қазірден ертеңгі өркениетті қоғамның қозғаушы күші болатын мемлекеттік қызметшілердің жаңа толқынын осы форматта қалыптастыра берген жөн. Дәл бұдан ұтпасақ, ұтылмақ емеспіз.

- Мұндай әрекет жалғасын таба берсе, біршама уақыт бұрын Елбасының өзі сынаған билік пен бұқараның арасын жақындата түсуге кері әсерін тигізбей ме? Қанша дегенмен, ҮЕҰ халық өкілдері есепті ғой...

- Меніңше, ҮЕҰ ортада байланыстырушы қызмет атқаруы тиіс. Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі осылар арқылы нығая түссе, нұр үстіне нұр. Сонымен қатар, биліктің де бұқараға жақындай түсуіне ат салысуы мақсатты болып таблады. Бұл орайда ел үкіметі ҮЕҰ-ға құрал деп қана қарамай, оларды әріптес ретінде тани бастаса, бірлескен, өзара ынтымақтасқан іс-қимылдарды арттырса, әлеуметтік-экономикалық салалардағы бүгінгі жүйелік біраз олқылықтың орынын толтырған болар еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!