Алматылық аспаздар рекордтар кітабына енді

Фотография - Алматылық аспаздар рекордтар кітабына енді

 Гиннес рекордтар кітабына енген жарты тонна бауырсақ! Өткен сенбі алматылықтар 667 келі бауырсақ пісіріп, оны екі сағат ішінде жеп бітіруден рекорд жасады

218 0

Гиннес рекордтар кітабына енген жарты тонна бауырсақ! Өткен сенбі алматылықтар 667 келі бауырсақ пісіріп, оны екі сағат ішінде жеп бітіруден рекорд жасады. 

Ұлттық тағамымызды жабылып жатып 10 аспаз даярлапты. Қуырғандарын арнайы алып тостаққа салып, таразы да өлшеп отырған. Бірақ, пісіру барысында тоқаштан дәм тануға ешкімге де рұқсат берілмеді, өйткені әр данасы салмақ үшін маңызды болыпты. Қызықты әрі пайдалы сәтті мамандар тобы сырттан қадағалады. Бас төреші Гиннес рекордтар кітабының өкілі Правин Пател. Ал басты талап, жарты тонна бауырсақты пісіріп қана қоймай оны жеп тауысу қажет. Бұл сәтте алматылықтар саспай, әп-сәтте алып тостақ түбін тырнап қалды. Айта кету керек, осыншама көлемдегі бауырсақты пісіруге жарты тонна ұн, 13 келі шекер мен 7 келі тұз және 108 литр су жұмсалыпты - деп хабарлады  baq.kz

Правин Пател, Гиннес рекордтар кітабының өкілі:

- Бұрын-соңды бауырсақ жеп көрген емеспін. Бүгін таң ата бірінші рет дәмін таттым, өте дәмді екен!


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!