«Силициум Қазақстан» зауытының басынан дау арылмай тұр

Фотография - «Силициум Қазақстан» зауытының басынан дау арылмай тұр

 Бюджет есебінен 160 млн. долларға салынған Қарағандыдағы металлургиялық кремний өндіретін «Силициум Қазақстан» зауытының жұмыс істемей тұрғанына 9 айдың жүзі болған

158 0

Бюджет есебінен 160 млн. долларға салынған Қарағандыдағы металлургиялық кремний өндіретін «Силициум Қазақстан» зауытының жұмыс істемей тұрғанына 9 айдың жүзі болған.

Кәсіпорынның бұрынғы қожайыны оны банкрот деп танып, 2013 жылдың ақпан айында жауып тастаған. Бүгінде компанияның электр жарығы үшін 1,5 млрд. теңге қарызы, ал 400-ге жуық жұмыскерлерінің алдында 130 млн. теңге берешегі бар.

Зауыт жаңадан ашылған кезде «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасына енгізіліпті. Сол кезде кәсіпорын жылына 25 мың тонна металлургиялық кремний өндіреді деп лепірген шенеуніктердің бүгінде қарасыда көрінбейді екен. Талай жердің табалдырығын тоздырған қарапайым халық қайда барарын білмей, елдегі БАҚ-қа шағымдану үстінде. Ал, зауыттың бастапқы қожайыны Александр Сутягинский өз серіктесінің өліміне тапсырыс бергені үшін 12 жылға сотталып кеткен.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!