Астанада 9 айда 40 мыңға тарта адам ӨРВИ-ге шалдыққан

Фотография - Астанада 9 айда 40 мыңға тарта адам ӨРВИ-ге шалдыққан

Бұл туралы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

193 0

Астанада үстіміздегі жылдың 9 айында өткір респираторлық вирус инфекциясына (ӨРВИ) шалдығудың 39 118 жағдайы тіркелді, соның ішінде 27 620-сы 14 жасқа дейінгі балалар, 77 адам тұмаумен ауырған. Бұл туралы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұмау мен ӨРВИ әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік және экономикалық мәселе болып қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн-ға жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығады, 250-500 мың адам көз жұмады. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг бойынша ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, Қазақстанда 2012 жылы 1 044 834 ӨРВИ және 626 тұмауға шалдығу оқиғасы тіркелген. Ел аумағында ӨРВИ және тұмау белең алған кездердегі көп жылғы мәліметтерді талдау нәтижесінде қазан айынан келер жылдың сәуір айына дейін эпидемиялық маусымның болатыны болжанып отыр», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, 1-30 қарашада Астанада ӨРВИ, тұмау және пневмокок инфекциясының алдын алу айлығы өткізіледі. 1 желтоқсаннан бастап, ҚР халқының өткір респираторлық вирус инфекциясы мен тұмауға шалдығу жағдайларына күнделікті мониторинг жүргізілетін болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!