Алматыда базар қожайындары жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Фотография - Алматыда базар қожайындары жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Бүгінде Алматының 28 базары қауіпті жағдайда тұр.

163 0

Бүгінде Алматының 28 базары қауіпті жағдайда тұр. Бұл туралы Ахметжан Есімовтің төрағалығымен базарларды жаңарту мәселелері бойынша өткен жиналыс барысында жер қатынастары басқармасының бастығы Қуаныш Қашқымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласының әкімі А.Есімов сөз сөйлеу барысында атап өткендей, қазіргі таңда қалалық базарлардағы сауда алаңдары құрылыс талаптарына, өрт қауіпсіздігі ережелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай келмейді. Оның айтуынша, бірінші кезекте саудагерлермен емес, базар қожайындарымен жұмыс жүргізіп, оларды жауапкершілікке тарту қажет. Әкім базар жүйесін жаңарту бойынша бірлесе жұмыс атқару қажеттігін атап өтті. «Заңсыз сауда жасау орындары мен жаңа сауда орталықтарының құрылысын жабу керек, ал ондағы сатушыларға осыған ұқсас жұмыс орындарын тауып беру шарт»,-деді А.Есімов.

Алматы қаласының әкімі бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін атқарушы, бақылау және құқық қорғау органдарының әрекеттерін үйлестіруді тапсырды. Атап айтсақ, қала әкімі сауда-көлік дәлізін жобалауға кірісуге тапсырма берді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!