Алматыда кәсіпкерлер жер телімдерін заңсыз иеленген

Фотография - Алматыда кәсіпкерлер жер телімдерін заңсыз иеленген

Алматы қаласының Әуезов аудандық прокуратурасы заңсыз жер иеленудің 35 дерегін анықтады

147 0

Алматы қаласының Әуезов аудандық прокуратурасы заңсыз жер иеленудің 35 дерегін анықтады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлайды.

Төле би көшесінің оңтүстігіндегі «Баянауыл» базарында жұмыс істейтін «Ақжол» жеке кәсіпкерлігі 1,4 гектар жерді ешқандай құжаттарсыз пайдаланып отыр. Ал, Яссауи және Есенов көшелерінің қиылысында орналасқан «Мырзабеков» жеке кәсіпкерлігі 351 ш.м. жер телімін заңсыз иемденіп, «Нұрлы» дәмханасын ашқан.

Мемлекет қорындағы жерлерді заңсыз жолмен басып алған осындай 33 нысан анықталып отыр. Аумақтық жер инспекциясының мекен-жайына жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша заңсыздықтарды жою жөнінде бұйрық беріліп, 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!