Еуропалық спутник Жерге құлауы мүмкін

Фотография - Еуропалық спутник Жерге құлауы мүмкін

Еуропа ғарыш агенттігі зерттеу жасайтын спутниктерінің бірінің отыны таусылып, жақын күндері ол мұхитқа немесе Жердің полярлы аймақтарының біріне құлауы мүмкін екенін хабарлады

172 0


Еуропа ғарыш агенттігі зерттеу жасайтын спутниктерінің бірінің отыны таусылып, жақын күндері ол мұхитқа немесе Жердің полярлы аймақтарының біріне құлауы мүмкін екенін хабарлады.

Ғарыш агенттігінің дерегі бойынша, Gravity Ocean Circulation Explorer спутнигінің көп бөлігі ауада жанып кетеді. Жер бетіне спутниктің тек сынықтары ғана түсуі ықтимал және оның салмағы 90 килограммнан аспауы мүмкін. Сарапшылардың бағалауынша, спутниктің құлауынан адамдарға бәлендей қауіп төнбейді - деп хабарлады azattyq.org

Gravity Ocean Circulation Explorer спутнигі ғарышқа 2009 жылы гравитация мен теңіз деңгейін зерттеу үшін ұшырылған. Аппараттың жанғыш отыны 21 қазанда таусылған. Спутник болжамды мерзімінен екі есе ұзақ қызмет жасаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!