Шекарашылар әскери қаршаналарын сынақтан өткізді

Фотография - Шекарашылар әскери қаршаналарын сынақтан өткізді

«Евразия моторс» компаниялар тобында шекарашы жауынгерлер «Тайга Варяг 550» және «Атака 551 II» деп аталатын қаршаналарын сынақтан өткізді

138 0

«Евразия моторс» компаниялар тобында шекарашы жауынгерлер «Тайга Варяг 550» және «Атака 551 II» деп аталатын қаршаналарын сынақтан өткізді.

Шекаралық комендатура мен әртүрлі әскери бөлімдердің аға техниктері жаңа техниканы пайдалану бойынша оқу курстарынан өтті - деп хабарлады ҚазАқпарат

Сабақтар екі деңгейде өткізілді. Бірінші күні шекара сақшылары қаршаналардың шығу тарихымен, оның ерекшеліктері және мүмкіндіктерімен танысты. Мұнан кейін компания мамандары: техникалық директор Игорь Лесников пен орыс механикасының брендін дамыту жөніндегі директор Илья Шумский теориялық сабақтар өткізді, одан кейін пайдалану тәртібі мен ақауларды жөндеу ісін көрсетті. Сабақтың екінші күні шекарашылар алған білімдерін іс жүзінде дәлелдеді. Теориялық және практикалық сабақтардан кейін Мемлекеттік шекара сақшылары емтихан тапсырып, сертификаттар алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!