Алматыдағы өртке қатысты қылмыстық іс тоқтады

Фотография - Алматыдағы өртке қатысты қылмыстық іс тоқтады

Алматыда маусым айында Helios компаниясына тиесілі бензин таситын көліктің өртенуіне қатысты қозғалған екі қылмыстық іс тоқтатылды

198 0

Алматыда маусым айында Helios компаниясына тиесілі бензин таситын көліктің өртенуіне қатысты қозғалған екі қылмыстық іс тоқтатылды.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиғаға қатысты қозғалған "көлік сапасыз жөнделіп, адам өліміне әкеп соқтырды" деген бап бойынша қозғалған істі тергеушілер "қылмыс дәлелденбеді" деп тоқтатқан. Ал "кісі өліміне әкеп соқтырған жолда жүру ережесі қауіпсіздігін бұзу" фактісі бойынша қозғалған іс бұдан біраз бұрын "қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан" тоқтатылған.

"Кешенді сараптама жасалып, тәуелсіз сарапшылардан сұрау алынды. Оқиғаның нақты себебі анықталмады. Тергеушілердің істі тоқтату туралы қаулысы прокуратураға жіберілді" дейді Салтанат Әзірбек.

27 маусым күні Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы жол бойында Helios компаниясының жанармай тиеген көлігі аударылып, өртенген еді. Апат салдарынан көлік жүргізушісі қаза тауып, жол жиегіндегі көпқабатты үйдің бірнеше пәтері мен коммерциялық дүкен өртеніп, жол бойында бірнеше автокөлік зардап шеккен - деп хабарлады azattyq.org

Helios компаниясы өрттен зардап шеккендерге шығындарын өтеп берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!