АҚШ мамандары Семей полигонына бейнебақылау жүйесін орнатты

Фотография - АҚШ мамандары Семей полигонына бейнебақылау жүйесін орнатты

Бейнебақылау жүйесін орнатумен қатар, олар бұған қатысты жұмыстардың барлық шығындарын өз мойындарына алды.

143 0

АҚШ Қорғаныс министрлігі полигон аумағына бейнебақылау жүйесін орнатты. Бейнебақылау жүйесін орнатумен қатар, олар бұған қатысты жұмыстардың барлық шығындарын өз мойындарына алды.

Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, ғалым Эрлан Батырбеков полигонда осымен екінші жыл қатарынан аса маңызды стратегиялық нысандар қорғауға алынып отырғанын айтады. Америкалық әріптестер мен аталған орталықтың мамандары бірлесіп, Дегелең тауы аймағындағы бейнебақылау жүйесін арнайы сынақтан өткізген. Аталмыш бақылау жүйесі полигонның қауіпті аймақтарына бөгде адамдардың кіріп кетпеуін қадағалайды. Ал егер оқыс оқиғалар орын алып жатса, орталыққа бірден белгі беріліп, бар жайт онлайн-жүйеде көрсетіледі. Алдағы уақытта полигонның аса қауіпті саналатын басқа да нүктелері осындай құралдармен жабдықталмақ. – Полигон аумағында жүргізіліп жатқан қорғаныс жұмыстары туралы былтырғы Сеул саммитінде АҚШ, Ресей және еліміздің Президенттері ерекше атап айтқан болатын, – дейді Эрлан Батырбеков.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!