Таразда теңгеге ескерткіш орнатылды

Фотография - Таразда теңгеге ескерткіш орнатылды

Бүгін Таразда теңгеге арналған ескерткіш ашылды

125 0


Бүгін Таразда теңгеге арналған ескерткіш ашылды.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, диаметрі 120 сантиметр, салмағы жарты тонна болатын болаттан құйылған ескерткіш монета Ұлттық банк филиалы алдындағы саябаққа гранит тұғырға орнатылған.

Ескерткіш монетаның беткі жағында теңгенің белгісі ойылып жасалған. Монетаның сыртқы бетінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылы 15 қарашадағы ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы жарлығы жазылған.

Гранит тұғырдың өзінде 20 жыл бұрын алғашқы теңге Тараз қаласынан республикаға таратылғаны туралы ойып жазылған.

15 қарашада теңгенің айналымға енгізілгеніне 20 жыл толады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!