Батыс Қазақстанда қозы етін өңдеу комбинаты салынуда

Фотография - Батыс Қазақстанда қозы етін өңдеу комбинаты салынуда

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылы маңында қозы етін өңдеу комбинаты салынуда

394 0

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылы маңында қозы етін өңдеу комбинаты салынуда.

«Батыс Марка Ламб» ЖШС-ның 2,3 млрд. теңгеге бағаланған аталмыш жобасын «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырады. Тәулігіне 4-9 айлық 1400 қозыны сойып, етін өңдейтін, қазіргі заманғы кешен 4 гектар жерді алып жатыр.

Мұндай жоба Қазақстанда әзірге біреу ғана. Мұнда тек Батыс Қазақстан ғана емес, өзге өңірлерден де тапсырыстар ала алады. Алынған өнім Қазақстанға, одан тысқары жерлерге де шығарылатын болады.

Қазіргі кезде құрылыс аумағын қоршау жұмыстары жүргізіліп, негізгі блоктың табаны бекітілуде. Сонымен қатар өндірістік қалдық төгілетін орын әзірленуде. Құрылыс инженері Сайран Тұрмұханбетовтің сөзіне қарағанда, мұнда жұмыс жасап жатқан 42 адамның 36-сы - жергілікті тұрғындар. Олар Чапаевтан автобуспен барып-келіп жұмыс жасайды. Болашақта 25 мың қозыны бордақылайтын орын салу да көзделуде.

2014 жылдың тамыз айына қарай құрылысы аяқталуы тиіс зауыт іске қосылғанда, 283 адам жұмыс жасамақ.

Ет комбинаты итальяндық «Ровани» компаниясының мал союға арналған қа­зіргі заманғы кешенінің техноло­гиясы бойынша қозы етін толық және қалдықсыз өңдемек. Жаб­дықтың өзгешелігі сол, етті сү­йектен, одан кейін ұсақ шеміршектер мен сіңірлерден сылып алады. Қалдықсыз өндіріс қағидасымен ет өнімдерін өндірумен қатар, ет қал­дықтарынан ет-сүйек ұнтағын, техникалық май, сонымен қатар  кейін өнеркәсіптік өндірісте пайда­лану үшін тері шығару жоспар­лан­ған. Сонымен бірге аталмыш ке­шенге жылқы етін өндіретін екін­ші желіні жеткізу мүмкіндігі көз­делген. Қосымша цехтар малдың ішек-қарындарын қайта өңдеп, ке­йін оларды шұжық өндірісінде, сондай-ақ жұмсақ алюминий ора­­мадағы паштеттер және тағы да басқа өнімдерді өндіруде қол­данбақ. Итальян жабдығының ар­қасында жаңа кәсіпорында мал­дың сойылуы толығымен Еуро­паның санитарлық нормаларына сәйкес келетін болады.  «Ровани» компаниясының бас директоры Одера Рованидің айтуынша, мал союдың еуропалық талаптары сақ­талған жағдайда, шетелдіктер вакуумдық орамадағы қозы етін қазіргі күнгі халықаралық баға­мен сатып алмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!