Қазақстанда екінші рет жүрекке ота жасалды

Фотография - Қазақстанда екінші рет жүрекке ота жасалды

Қазақстанның тарихында екінші рет донорлық жүректі трансплантациялау бойынша ота жасалды

143 0

Қазақстанның тарихында екінші рет донорлық жүректі трансплантациялау бойынша ота жасалды.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына» 6 қараша күні Алматыда «ми өлімі» расталған адамның туыстары оның ағзаларын қажет ететін адамдарға трансплантация жасауға рұқсат берді деген хабар келді.

Сол мезетте «ҰҒКО» АҚ мамандарын басқарма төрағасы Юрий Пя бастап Алматыға жүректі алып келуге ұшып кетеді.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде медициналық тұрғыда барлық параметрлері бойынша 7 жылдай дилатациялық кардиомиопатияға шалдыққан 50 жасар ер кісі сәйкес келді.

Донорлық жүрек Астанаға 7 қараша күні жеткізілді. Сол күні жүрек трансплантациясы бойынша ота жасалып, операция сәтті аяқталады. Одан бері бір аптадай уақыт өтті,  науқастың жағдайы бірқалыпты.

Екі қала арасында жүрек Organ Care System деп аталатын бірегей медициналық аппараттың көмегімен тасмалданған. Бұл жүйе Қазақстанға дейін АҚШ, Аустралия және Германияның әлемдік деңгейдегі үш клиникаларында ғана қолданылған.

Юрий Пя: «Organ Care System қондырғысы АҚШ-та жасалып, ең алғаш рет Аустралияда қолданылған. Қазақстанның бұл елмен ұқсастықтары бар. Ол аумағы кең, халқы аз елдер үшін бұл таптырмас қондырғы. Оның көмегімен жүректі еліміздің кез-келген жерінен 4 сағаттың ішінде жеткізе аламыз. Кейбір мәліметтерге сүйенсек бұл аппарат жүректі 12 сағатқа дейін сақтай алады екен. Бұл жүйенің арқасында бізде жүрек трансплантациясы бойынша ота жасау алға басады деп ойлаймын », - дейді.

Айта кетейік, елімізде алғашқы жүрек трансплантациялау отасы 2012 жылдың тамыз айында жасалып, сәтті аяқталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!