Соңғы 10 жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 11 млрд. теңге бөлінді

Фотография - Соңғы 10 жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 11 млрд. теңге бөлінді

Соңғы 10 жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 11 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін VI Азаматтық форум барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев айтты

327 0

Соңғы 10 жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 11 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін VI Азаматтық форум барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев айтты.

Дворец независимости «2013 жылы орталық мемлекеттік органдар тарабынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2 млрд. теңге бөлінді. Соңғы 10 жылда бұл сан шамамен 11 миллиардты құрады», - деді ол.

Б.Майлыбаевтың атап өтуінше, қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 8 министрлік пен ведомство орналастырады. Бұл бағыттағы жұмыстарды басқа да ведомстволар қолға алатын болады.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары өз сөзінде белгілі бір тапсырысты ҮЕҰ-лардың бірнеше жыл ішінде атқаруына мүмкіндік беретін әдістеме жасау керектігін баса айтты. Оның пайымынша, бұл олардың жұмыстарының сапасын арттыра түседі. Бұдан бөлек ауылдық жерлердегі және шағын қалалардағы ҮЕҰ-лардың жұмыстарын белсендендіру қажет. Қазіргі уақытта ҮЕҰ жұмыстарының 80 пайызы республикалық деңгейде орындалуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!