406 000 бүлдіршін балабақша кезегінде

Фотография - 406 000 бүлдіршін балабақша кезегінде

Қазақстанда 400 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Мұны әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында мәжіліс депутаттары мәлім етті. Мәжілісмендер мен шенеуніктер жиын барысында мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру мәселесін кеңінен талқылады

235 0

Қазақстанда 400 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Мұны әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында мәжіліс депутаттары мәлім етті. Мәжілісмендер мен шенеуніктер жиын барысында мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру мәселесін кеңінен талқылады.

«Жергілікті атқарушы органдар жеке балабақшаларды ашқан кезде облыстық және аудандық білім басқармаларымен бірлесіп жұмыс жасауы тиіс», - дейді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

Сонымен қатар, депутаттар балабақша тапшылығын шешу тәсілін ұсынып отыр. Мәжіліс депутаты Гүлмира Есенбаеваның айтуынша, көлемі үлкен балабақшалар салу керек. Бұл тәсіл мемлекет қаржысын үнемдеумен қатар, тәрбиешілерді де мейлінше кеңінен жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!