«Үш тұғырлы тіл» сәтсіз құрылған тіркес - Асылы Осман

Фотография - «Үш тұғырлы тіл» сәтсіз құрылған тіркес - Асылы Осман

Тұғыр сөзі тек қана қазақ тіліне қолданылуы тиіс. Бұл туралы АҚШ-тың өмірбаяндық халықаралық зерттеу институтының «Әлемдегі 2004 жылдың ең таңдаулы әйелі» атағына ие болған белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің төрайымы Асылы Осман Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған кездесуде айтты.

217 0

«Қазақ халқындай жүрегі кең, дархан ұлт жоқ деп ойлаймын. Бір құрты болса бөліп жедік, қиналғанда құшағына алып, бауырына басты. Әрбір Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілінің қазақ тілін білуі - қазақ халқына деген құрметі деп білемін. Ендеше, біз қазақ тілінде сөйлеуге міндеттіміз», - дейді «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Осман. Филология ғылымы докторының айтуынша, «Үш тұғырлы тіл» сәтсіз құрылған тіркес. Тұғыр сөзі тек қана қазақ тіліне қолданылуы тиіс. Қазақ тілі ана тілі ретінде бір жүк арқаласа, мемлекеттік тіл ретінде тағы бір жүк арқалайды.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!