Астанада алғаш рет жол және қала шаруашылығының көрмесі өтеді

Фотография - Астанада алғаш рет жол және қала шаруашылығының көрмесі өтеді

Астанада 27-28 қарашада «KazTraffic -2013» көлік кешенінің, сондай-ақ жол және қала шаруашылығының кең ауқымды көрсетілімі өтеді

144 0

Астанада 27-28 қарашада «KazTraffic -2013» көлік кешенінің, сондай-ақ жол және қала шаруашылығының кең ауқымды көрсетілімі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Көрме» орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрме экспозициясы мен іскерлік бағдарлама іс-шараларының аясында басшылар мен мамандар болашақта Қазақстан Республикасының қала шаруашылығы кешені мен жол инфрақұрылымы жұмысын ұйымдастыру мен басқаруды одан әрі жетілдірудің негізіне айналуы тиіс ғылыми, ұйымдастырушылық және техникалық жобалармен танысады. «KazTraffic -2013» көрмесі - Қазақстан Республикасындағы жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, заманауи халықаралық логистика технологияларының, ақылы жолдардың және халықаралық көлік дәліздерінің тиімді жұмысының тұңғыш кең ауқымды көрсетілімі болып табылады. Көрменің тақырыптық бөлімдері мен іс-шаралардың  жеке мәселелері алғаш рет көпшіліктің назарына ұсынылады, сонымен қатар, іскерлік бағдарлама аясында талқыланады. «KazTraffic - 2013» көрмесі Қазақстан Республикасында жол және қала шаруашылығын және оның инфрақұрылымын ұйымдастыру мен басқару, жол қозғалысы қауіпсіздігін, жол маңында қазіргі заманға сай қызмет көрсету және оны ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жетекші көрме-ақпараттық шараға айналмақ.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!