Шекарашы-офицер қариялардың өмірін сақтап қалды

Фотография - Шекарашы-офицер қариялардың өмірін сақтап қалды

 ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2088 әскери бөліміне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аға бақылаушысы Ринат Қонаевтың кешкі сегіздер шамасында қызметтен келіп, кешкі асын іше бастағаны сол еді, жоғарғы қабаттан көмек сұрап, айқайлаған әйелдің даусын естіді

211 0

 ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2088 әскери бөліміне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аға бақылаушысы Ринат Қонаевтың кешкі сегіздер шамасында қызметтен келіп, кешкі асын іше бастағаны сол еді, жоғарғы қабаттан көмек сұрап, айқайлаған әйелдің даусын естіді. Офицер есікті ашқанда подъездің қара түтінге толып кеткенін көрді.

Аға лейтенант, тез арада қай пәтерден дауыс шыққанын анықтап, солай қарай жүгірді. Есікті сындырып ішке кірген кезде, отқа оранған пәтерден өз еркімен жүре алмайтын мүгедек әйелді көреді.

Ринат мүгедек әйелді көтеріп алып, сыртқа беттеді.

Өртті сөндіру кезінде көршілес пәтерде ес-түссіз жатқан тағы бір кейуана табылды. Шекарашы ол кісіні де алып шығып, өртті сөндіруге кірісті. Жедел жеткен ақ халатты абзал жандар да зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмектерін көрсетті. ҚР ТЖМ қызметкерлері келген кезде өрт те сөндірілген болатын.

Осылайша, 2088 әскери бөлімінің шекарашы-офицерінің жылдам да сауатты қимылының арқасында тұрғындар аман қалып, өрт те сөндірілді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Қазіргі уақытта өрттен зардап шеккен әйелдердің жағдайы қанағаттанарлық. Өмірлерін құтқарып қалған Ринатқа олардың алғысы шексіз


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!