Алматыда балаларды бизнеске мектеп қабырғасынан бастап оқыту ұсынылды

Фотография - Алматыда балаларды бизнеске мектеп қабырғасынан бастап оқыту ұсынылды

 Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Жаһандық кәсіпкерлік апталығы кулуарларында Жас кәсіпкерлер клубының бастығы Зинаида Пак мәлімдеді.

161 0

Қазақстандық мектеп оқушылары кәсіпкерлік негіздерін оқуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Жаһандық кәсіпкерлік апталығы кулуарларында Жас кәсіпкерлер клубының бастығы Зинаида Пак мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі қазақстандық кәсіпкерлер – барлығын өздері үйренген дарынды азаматтар. Олардың көбі кәсіпкерлікті үйренген жоқ, МВА-дан өткен жоқ, менеджмент пен маркетингті оқыған жоқ.

«Егер Қазақстанда кәсіпкерлік дамысын десек, онда оны білім беру саласынан бастаған жөн. Егер Қытай, Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, онда болашақ кәсіпкерлерді мектеп қабырғасынан бастап оқыта бастайды. Тіпті олар бастауыш сыныптардан оқытылады. Балалар ойын арқылы экономика, маркетинг, көшбасшылық, уәждеменің не екенін біледі», - деді З.Пак.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!