«Құлагер» базарының сатушылары наразылыққа шықты

Фотография - «Құлагер» базарының сатушылары наразылыққа шықты

Алматыда жексенбі күні өртенген «Құлагер» базарының сатушылары бүгін базар маңына жиналып, жолды жаппақ болды.

210 0

Алматыда жексенбі күні өртенген «Құлагер» базарының сатушылары бүгін базар маңына жиналып, жолды жаппақ болды.

«Құлагер» базарының Бөкейханов көшесі жағынан кіретін тұсында жиналған 200-ге тарта сатушы наразылық танытып, жолды жаппақ болған. Бірақ олардың бұл әрекетіне полиция мен арнайы жасақ сарбаздары тосқауыл қойған. Полиция ол жаққа ешкімді кіргізбей тұр.

Наразылық танытушылар қала әкімі Ахметжан Есімовтің келуін талап етіп, "әкім келмейінше тарқамайтындарын" айтқан.

17 қарашада Алматыда жұрт «Барахолка» атап кеткен бірнеше үлкен базар орналасқан аудандағы «Құлагер» базарында таңға жуық өрт шыққан еді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, өрттен базардың 4 мың шаршы метрге жуық аумағы жанған.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!