Астанада 10 айда 8 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Фотография - Астанада 10 айда 8 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

 Бұл туралы қалалық Статистика департаменті хабарлады.

154 0

2013 жылғы қаңтар-қазанда елордада барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 865 018 шаршы метр 8 138 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы қалалық Статистика департаменті хабарлады.

«Жеке салушылармен жалпы ауданы 66 983 шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл 2012 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне - 161,8%. Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үйдің үлесі 2012 жылғы қаңтар-қазандағы 3,9% қарағанда 7,7%-ды құрады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2013 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 147,8% инвестиция тартылды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражат үлесі 19,1% құрады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!