Қазақстандықтарға психикалық-неврологиялық және наркодиспансерлік анықтамалар ХҚО-да беріледі

Фотография - Қазақстандықтарға психикалық-неврологиялық және наркодиспансерлік анықтамалар ХҚО-да беріледі

Қазақстандақтарға психикалық-неврологиялық және наркодиспансерлік анықтамалар  мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында беріледі

188 0

Қазақстандақтарға психикалық-неврологиялық және наркодиспансерлік анықтамалар  мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында беріледі.


Ведомствоның мәліметінше, көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев және Денсаулық сақтау министрі Салидат Қаирбекова денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жөніндегі жоспарлар мен күрделі мәселелерді, сонымен бірге мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы шеңберіндегі әрекеттестікті талқылады.


«Кездесу барысында Асқар Жұмағалиев азаматтар ыңғайлығы үшін жүргізуші куәлігін беру және автокөлікті тіркеу/қайтатіркеу қызметтерін көрсететін психикалық-неврологиялық және наркодиспансер қызметкерлерін 4 мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) орнықтыруды ұсынды.Министр Салидат Қаирбекова тиісті медицина қызметкерлерін 4 мамандырылған ХҚКО-нда орнықтыруды ұйымдастыру жөніндегі пилоттік жоба идеясын қолдады»,-делінген хабарламада.


Еске салсақ, қазіргі уақытта мамандырылған ХҚКО Алматы, Қарағанды, Ақтау және Астана қалаларында қызмет істейді.

Бизнес–процесстерді және мемлекеттік органдардың дерекқорлар интеграциясы және ақпараттық жүйелерін автоматтандыру арқасында, сонымен бірге жол қозғалысы ережелерін білуіне теориялық және тәжірибелік емтихандарды ХҚКО-нда бірден тапсыру арқасында жүргізуші куәлігін екі сағат аралығында алуға болады - деп хабарлады  newskaz.kz


«Медицина қызметкерлерін орталықтың аумағында орнықтыру арқасында азаматтарға жүргізуші қөлігін алу кезінде беретін тиісті анықтамаларды алу үшін арнайы медициналық мекемелерге барудың қажеті жоқ»,-деп атап көрсетеді ведомство.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!