Әрбір екінші қазақстандықсеміздікке шалдыққан

Фотография - Әрбір екінші қазақстандықсеміздікке шалдыққан

Әрбір екінші қазақстандықтың дене салмағы мөлшерден артық немесе семіздікке шалдыққан.

333 0

Әрбір екінші қазақстандықтың дене салмағы мөлшерден артық немесе семіздікке шалдыққан.

Бұл жөнінде бүгін Астанада Қазақстан Республикасындағы балалар арасында семіздіктің алдын алу бойынша ұлттық стратегияны әзірлеу жөнінде өткен сектораларық жиында Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Шәміл Тәжібаев мәлімдеді.

«Дене салмағы артық және семіздікке шалдыққан балалар Қазақстанда да аз емес. Мәселен 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы бұл көрсеткіш 20% шамасында. Ал жалпы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында семіздікке шалдыққандар көрсеткіші 12%-ға тең. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Ересектер арасындағы жағдай салмағының артықтығы мен семіздікке шалдыққандардың үлесі Қазақстанда 56%-ға жетіп отыр. Яғни, әрбір екінші қазақстандықтың дене салмағы мөлшерден артық немесе семіздікке шалдыққан. Жіктер болсақ, ерлер арасында 53%, әйелдер арасында 58%. Ал тек семіздікке шалдыққандар көрсеткіші 23% шамасында. 1999-2012 жылдар аралығында Қазақстандағы бала тууға қабілетті жастағы әйелдер арасында дене салмағының артықтығы 15%-ға өскен», - деді Ш.Тәжібаев.

Егер мұндай қарқын жалғаса беретін болса, Қазақ тағамтану академиясы вице-президенті оның үлкен мәселе екенін көтеріп отыр. Осындай күрделі жағдайға жол бермес үшін инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша Қазақстан арнайы бағдарлама қабылдауы қажет, деп есептейді тағамтану ғылымының маманы.  «Бүгінде ДДҰ әлемдегі барлық мемлекеттер инфекциялық емес аурулар мен семіздіктің алдын алу бойынша бағдарламалар қабылдануы үшін үлкен жұмыстар жүргізілуде. Профессор Джаоа Бред трансмайларды «у» деп атады. Ал бүгінгі күні қоғамда кең таралып жатқан «фаст фудтар» - трансмайларға өте бай және өте құнарлы тамақ. Бірқатар еуропалық елдер трансмайлардан заңнамалы түрде бас тартты. Соның бірі – Ұлыбритания. Ал ол жақта тыйым салынған тағамдар бізде еркін сатылуда. Сондықтан, бізге де тиісті бағдарлама қабылдау қажет», - дейді мамандар.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!