Қойға шапқан қасқырды малшы қағып түсірді

Фотография - Қойға шапқан қасқырды малшы қағып түсірді

Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округіне қарасты «Интернационал» нүктесінде Нәсиполла Уәлиахметов бағатын «Жібек жолы» шаруа қожалығының (басшысы Ғанимат Нұрмұханов) малына жуырда қасқыр шапты

338 0

Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округіне қарасты «Интернационал» нүктесінде Нәсиполла Уәлиахметов бағатын «Жібек жолы» шаруа қожалығының (басшысы Ғанимат Нұрмұханов) малына жуырда қасқыр шапты.

Малды өрістен айдап келіп, аулаға қамаған Нәсиполланың кешқұрымдағы дастарханға ауқаттануға отыра бергені сол еді, кенеттен ауладағы қамаулы тұрған қойлардың дүр ете үріккен дауыстары естіліп, иттер де шәуілдей үре бастады.

Қолына мылтығын ұстай сыртқа шыққан малшы Нәсиполла Уәлиахметов бірден қойлар тұрған аулаға қарай жүгірді. Көзіне шалынғаны дәу арлан қасқыр аулада әрлі-берлі шауып, онға жуық қойды жарақаттап үлгеріпті.

Қолындағы мылтығын қасқырға кезей бергені сол, арланның енді малшының өзіне секірмесі бар ма. Әйтеуір Нәсиполла жеделдете мылтығынан екі рет оқ атып үлгерді. Мұнысы жақсы болған. Әйтпегенде өзіне секірген арланға оқ дарымай қалғанда, кім білген, малшының да жарақаттанып қалуы мүмкін еді. Ұзынынан сұлай құлаған арлан қасқырдың қамаулы тұрған отар қойларға ауыз салуына қарағанда, қауіп-қатердің іргеде екендігі айқын аңғарылады.

Бүгінде ауылдарда қасқырлардың жайылымда жүрген ірі қара, бұзауларға шабуыл жасаулары жиі көрініс бере бастады. Мұның өзі адамдардың дала бөрілерінен сақтана білуі керектігін көрсетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!