БҚО халқы 622,3 мыңға жетті

Фотография - БҚО халқы 622,3 мыңға жетті

Батыс Қазақстан облысының халқы 622,3 мыңға жетті

175 0

Батыс Қазақстан облысының халқы 622,3 мыңға жетті.

Облыстық статистика департаментінен алынған мәліметке қарағанда, соның 307,7 мыңы немесе 49,4 пайызы қала, 314,6 мыңы немесе 50,6 пайызы ауыл тұрғындары болып отыр.

Өңір халқы жыл басынан бері 4693 адамға, соның ішінде қала тұрғындары 4746 адамға көбейсе, керісінше ауылдықтар 53-ке азайды.

Облыста өмір есігін ашқан сәбилер де көбейіп отыр. Биылғы тоғыз айда 9474 нәресте дүниеге келсе, бұл өткен жылғыдан 2,2 пайызға артық. Олардың 4812-сі немесе 50,8 пайызы Орал қаласында тіркелген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!