Базарды Ішкі әскер күзетуде

Фотография - Базарды Ішкі әскер күзетуде

Тілсіз жаумен күреске қатысқан барлық жауынгерлер Ішкі әскер Бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқықтарымен көтермелеуге ұсынылды.

156 0

2013 жылғы 17 қарашада сағат 06.00 шамасында Алматы қаласы ТЖБ өртке қарсы қызметіне көпшілік «Барахолка» атап кеткен әмбебап сауда кешеніндегі «Құлагер» киім-кешек базарында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Сағат таңғы 08.00-де өрт шалған аумақтың көлемі 3000 шаршы метрді қамтыды. Бірнеше сағатқа созылған арпалыстан соң, өрт түске таман ауыздықталып, жалын толық сөндірілді.

Төтенше оқиға туралы хабар түсісімен сағат 07.30-да Алматы қ. ІІД нұсқауына сай өрт орнына 5571 әскери бөлімінің жедел әскери жасағы жіберілді. Әскерилер өрт шалған базар аумағын дереу қоршап, бірден қызметке кірісіп кетті. Қазіргі уақытта жеке құрам оқиға орнында ұрлық-қарлық пен базар аумағына азаматтардың заңсыз енуіне жол бермеу мақсатында жауынгерлік қызмет атқаруда. Қызмет барысында Ішкі әскер сарбаздары құқық қорғау органдары, өрт сөндірушілер мен базар әкімшілігігіне, ондағы азаматтарға көмек көрсетуде. Жауынгерлік міндет атқаруға кіріскен алғашқы сәттен бастап-ақ сарбаздар ерлік деп бағалауға тұрарлық қызмет үлгілерін танытуда.

Мәселен, жедел мақсаттағы 8 рота 1 взводының командирі аға лейтенант Равшан Розматов базар айналасындағы әскери тізбекті аралау кезінде жанып жатқан ғимараттардың бірінен ес-түссіз құлап жатқан 30-35 жас шамсындағы әйелді байқап қалды. Дереу қатардағы жауынгер Марат Қазимов екеуі әйелді қауіпсіз жерге алып шықты. 3 ЖМБ фельдшері прапорщик Жұлдыз Садықова алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң, зардап шеккен әйел өзінің осы базарда сатушы болып жұмыс істейтін Әйгерім Ибраева екенін айтты.

Осы күні сағат 09.10 шамасында белгісіз 4 азамат бутиктердің біріне еніп, анасының тапсыруымен заттарды күзетіп тұрған 10-12 жас шамасындағы қызды соққыға жығып, ондағы мүлікті әкетуге әрекет жасап жатқанда сержант Нұрбек Мамбетұлы бастаған әскери жасақтың назарына ілікті. Дереу әрекет еткен әскери жасақ ұрлық жасамақ болғандардың екеуін қолға түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ал, зардап шеккен Назгүл есімді қызды әскери фельдшерлер медициналық жәрдем көрсеткен соң, ата-анасына табыс етті.

Дәл сол күні шамамен 11 сағат 20 минутта «Құлагер» базарына кіре берісте 25-30 жас шамасындағы белгісіз азамат базар ішінен шыға сап, есінен танып құлады. Оны қатардағы жауынгер Дәурен Естаев байқап қалып, 7 ЖМР командирі аға лейтенант Санат Кабишевке баяндап, 3 взвод командирі лейтенант Сергей Бурчуковпен бірге жедел жәрдем көлігіне жеткізіп, медициналық көмек көрсетті. 1988 жылы туған Ильяс Мамедов өзіне дер кезінде көмек көрсеткен әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Осылай айтпай келген тілсіз жаумен күресте Ішкі әскер жауынгерлері төтенше оқиғадан зардап шеккен азаматтардың жандарынан табылып, дер кезінде көмек қолын ұсынды.

Тілсіз жаумен күреске қатысқан барлық жауынгерлер Ішкі әскер Бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқықтарымен көтермелеуге ұсынылды.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!