Екібастұзда техникалық шығармашылық мектеп ашылды

Фотография - Екібастұзда техникалық шығармашылық мектеп ашылды

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапары бірқатар айтулы оқиғаларға толы болды

270 0

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапары бірқатар айтулы оқиғаларға толы болды.

Екібастұз қаласында 320 орынға арналған «Ақ бота» сәбилер бақшасы ашылды.

Оны қалпына келтіруге қала бюджетінен 39 441,5 мың теңге, материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 31 747,2 мың теңге бөлінді. Мұнда 12 топ, дене шынықтыру және музыка залдары, қазақ тілі, Монтессори педагогикасы мен сенсорика кабинеттері, медициналық блок жұмыс істейді.

Жиналған қауымды құттықтаған облыс әкімі Ерлан Арын: «Облысымызда Елбасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту және мектепке дейінгі мекемелер жетіспеушілігі деңгейін азайту жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырмасы сәтті іске асырылып жатқандығын жеткізгім келеді.

Екібастұз қаласында мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда «Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында Екібастұзда балаларды мектеп алды біліммен қамту 95,5 пайызды құрайды, оның ішінде: 3-тен 6 жасқа дейін 100 пайыз болса, 2-ден 6 жасқа дейін 93 пайызға тең.

Енді үш жүз жиырма бүлдіршін осы мекеменің табалдырығын аттайды. Баршаңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын», - деді.

Өңір басшысы «Ақ бота» сәбилер бақшасына спорттық модульге арналған сертификат табыстады.

Бұдан кейін техникалық шығармашылық мектебінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп сабақтан тыс уақытта 420 балаға қосымша техникалық білім беруді қарастырады.

Оны қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 20 244,0 мың теңге, ал материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3225,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Техникалық шығармашылық мектебінде әуе, су, автомодельдеу, радиотехникалық және сәнді-қолданбалы өнер зертханасы, ақпараттық технологиялар кабинеті, көрме залы бар.

«Техникалық білім мектебі балалардың екінші үйіне айналады. Мұнда жас екібастұздықтар тәжірибелі ұстаздардың көмегімен бойларындағы қабілеттері мен дарындарын ашып, жанына жақын іс таба алады», - деп атап өтті өңір басшысы.

Бұдан кейін аймақ жетекшісі Е. Арын «ПромсервисОтан» хоккей клубына ат басын бұрып, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған қалалық балалар командаларының арасындағы хоккей турнирінің кезекті ойнының ашылу салтанатына қатысты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Сондай-ақ сапар барысында облыс әкімі ГРЭС-1-де болып, жылыту маусымы мәселелері бойынша кеңес өткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!