Алматыда сотқа 100 рет шағымданған азамат бар

Фотография - Алматыда сотқа 100 рет шағымданған азамат бар

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Серік Катенұлы Байбатыровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті

157 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Серік Катенұлы Байбатыровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті - деп хабарлады  baq.kz

Баспасөз мәслихатында C.Байбатыров Қазақстандағы сот қызметінің жай-күйі туралы хабардар етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғау сауаттылығы арта түскен.

«Әлемдік тәжірибеде 1 адам өзінің ғұмырында 1 рет сотқа шағымданатыны немесе куә ретінде қатысатындығы анықталған. Алматыда сотқа 1 жылда 100-ге жуық рет шағымданған азаматтар бар. Оған таңдануға болмайды. Адамның қажеттілігі көбейе түскен сайын құқықтарының да арта түсетіндігін айта кету керек», - деді Серік Байбатыров.

Айта кетейік, сотқа шағымданудан әлемде АҚШ тұрғындары алда келеді. АҚШ-та азаматтардың сотқа жүгінуі қалыпты жағдай болып саналады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!