Ауыл шаруашылығын дамытудан Алматы облысы алда келеді

Фотография - Ауыл шаруашылығын дамытудан Алматы облысы алда келеді

Бүгін «Қазмедиа» орталығында Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуде.

239 0

Бүгін «Қазмедиа» орталығында Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуде. Облыс әкімі баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығының дамуына ерекше тоқталып өтті.

«Еліміздің аграрлық өңірлері арасында Алматы облысы бірқатар көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарды тұрақты иеленіп келеді. Жалпы республикадағы өндірілген майбұршақтың – 98 пайызы, жүгерінің – 71 пайызы, қант қызылшасының – 74 пайызы, картоптың – 25 пайызы және мал шаруашлығы өнімінің 1/5 бөлігі Алматы облысына тиесілі», - деді А.Мұсаханов.

Айта кетейік, өткен жылы республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 17 пайызы Алматы облысына тиесілі болған еді. Облыстың Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Талған аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі маңызы өте зор.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!