Қызылордада «Идеялар жәрмеңкесі» болып өтті

Фотография - Қызылордада «Идеялар жәрмеңкесі» болып өтті

Кеше Қызылордада «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы аясында «Идеялар жәрмеңкесі» өтті  

247 0

Кеше Қызылордада «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы аясында «Идеялар жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңке жобаға қатысушылар арасында ұйымдастырылды. Қатысушылардан бөлек бұл іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, табысты кәсіпкерлер, жастардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері және жас кәсіпкерлер ұсынған ең перспективалы жобаларды анықтау үшін екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері шақырылды.

Жәрмеңкенің соңында Райымбай Аңсаған, Қанатбек Сейітов, Перизат Жақсылықова және Мәуе Сейдалиеваның идеялары ең үздік деп танылды. «Идеялар жәрмеңкесінің» қонағы табысты кәсіпкер Аралбай Қозбақов мемлекеттің жастарға қолдау көрсетіп, бизнестің қыр-сырын тегін үйренуге мүмкіндік жасап отырғанына қуанышты екенін жеткізді.

-»Біз кезінде кәсіпті бастағанымызда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары болған емес. Біз бизнесімізді өз мүмкіндіктерімізге ғана сүйеніп, ешқандай арнайы білімсіз бастаған едік. Ал қазір кәсіпкерлікті қолдауға арналған ондаған мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасап жатыр, олардың әрқайсысы кәсіп бастағысы келетін азаматтарды тегін оқытып, бизнесіне қолдау көрсетіп жатқанын білеміз. Кәсіпкерлерге осы бағдарламалардың көмегімен тіпті шетелдерде тәжірибеден өтіп келуге мүмкіндік жасалған», - деді ол.

Айта кетейік, Қызылордада «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты жастардың кәсіпкерлік білімін арттырып, бизнестеріне қолдау көрсету және жас кәсіпкерлердің идеяларын қаржыландыруға жол ашу болып табылады. «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы жұмыс жасаған уақытта Қызылорда облысы бойынша 120-дан аса жас азамат оқудан өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!