Желтоқсанның жинақ дискілері жарыққа шықпақ

Фотография - Желтоқсанның жинақ дискілері жарыққа шықпақ

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясындағы тікелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі биылғы жылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан – азаттық рухы, тәуелсіздік таңы!» атты жинақ дискісілерін жарыққа шығармақ

242 0

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясындағы тікелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі биылғы жылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан – азаттық рухы, тәуелсіздік таңы!» атты жинақ дискісілерін жарыққа шығармақ.

Үш дискіден тұратын жинақтың бірінші дискісіне алаңда шырқалған әндер, желтоқсанды жырлаған әндер мен күйлер, екінші дискіге «Желтоқсан алауы» деректі фильмі мен Халық Қаhарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алу кеші, үшінші дискіге «Аллажар» көркем суретті фильмі,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың естеліктері, тақырыпқа сай кітаптар, көркем шығармалар мен фото мәліметтер топтастырылған.

Аталған жоба аясындағы «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің басты мақсаты - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбында жарық көрген шығармалар мен көркем дүниелерді жан-жақты насихаттау. Бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбындағы CD альбом-жинағын жарыққа шығару тұңғыш рет жүзеге асып отыр.

«Желтоқсан – азаттық рухы, тәуелсіздік таңы!» жинақ дискілеріне кезінде желтоқсан алаңында шырқалған «Менің Қазақстаным», бүгінде еліміздің әнұранына айналған – Қазақстан Республикасының әнұранынан бастап, «Атамекен», «Желтоқсан тағылымы», «Желтоқсан желі», «Бостандықтың бойтұмары желтоқсан», «Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан маршы» және «Желтоқсан жастары маршы» сынды желтоқсан көтерілісіне арналған әндер енгізілген.

Азаттық, отаншылдық, ұлтты сүю секілді киелі ұғымдардың сүбелі жалғасы іспетті «Желтоқсан – азаттық рухы, тәуелсіздік таңы!» жинақ дискілері – қазақ халқының, азаттық сүйгіш барша адамзат баласының еркіндікке ұмтылған аңсарына деген ескерткіш секілді. Бұл – 1986 жылғы желтоқсанда бұлқынған жастардың жүрек қағысы, сонау азатшыл ұлық бастаманың жалғастырушысы, жанашыр жылнамашысы.

Әсіресе, бүгінгі жас ұрпақпен қатар, желтоқсан оқиғасын жүрегінен өткізген қайсар ұл-қыздарымыз үшін бұл жинақ өте құнды дүние болмақ. Кісіні ойға жетелейді, намысыңды оятады, жігеріңді жаниды. Бастысы – халқымыздың сүйегінде бар дегдарлық пен батырлықтың қандай қиын күнде де өз биігінен түспейтінін көреміз. Аталған жинақ дискілердің тұсаукесері 27 қараша сағ. 15.00-де Демократия үйінің Баспасөз залында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!