Алматының 8 базары бұзылады

Фотография - Алматының 8 базары бұзылады

Алматыдағы «Жаркент», «Дәстүр» және «Ақжар» базарларын сот шешімімен бұзу келесі аптада басталады. Бұл туралы қалалық жер қатынастары басқармасы заң бөлімінің басшысы Аурика Жүнісбекова хабарлады

113 0

Алматыдағы «Жаркент», «Дәстүр» және «Ақжар» базарларын сот шешімімен бұзу келесі аптада басталады. Бұл туралы қалалық жер қатынастары басқармасы заң бөлімінің басшысы Аурика Жүнісбекова хабарлады.

«Бүгінге бізде сот шешімімен бұзылуы тиіс 8 базар бар. Олардың екеуі жартылай, ал 5-і толық бұзылады. Бүгіндері сот атқарушыларына атқару туралы нұсқау таратылды. «Жаркент», «Ақжар» базарларын, «Дәстүр» базарының бір бөлігін бұзуды бастамақшымыз», - деді А. Жүнісбекова.

Бүгінде 9 базар бойынша іс сотта қаралуда, олардың жерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралуда, ал жер аумақтары жеке меншіктегі базар бөліктеріне қатысты мәселе келесі жылы қарастырылмақшы, деп жазады «Айқын» басылымы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!