Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам «Болашақ» түлектері жұмыс іздестіруде - Ғани Нығыметов

Фотография - Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам «Болашақ» түлектері жұмыс іздестіруде - Ғани Нығыметов

 Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам «Болашақ» түлектері жұмыс іздестіруде

171 0

 Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам «Болашақ» түлектері жұмыс іздестіруде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына орай өткен баспасөз мәслихатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.

«Жұмыссыз жүрген «Болашақ» иегерлерінің саны көп деген пікірмен келіспеймін. Біздегі мәлімет бойынша тек 124 түлек қазіргі кезде жұмыс іздестіруде. Орташа есеппен алғанда жұмыс іздеуге үштен алты айға дейін уақыт кетеді. Бұл айтарлықтай циклді әрі маусымды үдеріс. Біздің тараптан, «Болашақ» бағдарламасы әкімшілері жағынан жас маманға барынша көмек көрсетілуде. Бағдарламаның қалған түлектері жұмыспен қамтылған»,-деді ол.

Сонымен қатар «Болашақ» стипендиясының түлектері қандай жағдайларда шетелде жұмыс істеуге қала алатындығы жайында хабарлады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Ол республикалық комиссия рұқсат берген жағдайда және тек Қазақстан мүддесіне өкілдік еткен халықаралық ұйымдарда ғана жұмыс істей алады», - деп тоқталды Ғ. Нығыметов.

Атап айтқанда, 20 жыл ішінде стипендия 10 мың 25 азаматқа бөлінді. Сол он мың адамның 6 мың 15-і Қазақстанға оралып, қазіргі кезде экономикамыздың барлық саласында қызмет етуде. Қазіргі кезде 2,5 мыңы әлемнің 35 еліндегі 200 университетте оқып жатыр. «Қалғандары оқуға бағыт алуда немесе жақын арада оқуға баратын болады»,-деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!