Темекi қораптарындағы пиктограмма көлемi 50%-ға жеткiзiледi

Фотография - Темекi қораптарындағы пиктограмма көлемi 50%-ға жеткiзiледi

Бұл жөнiнде бүгiн елордада «Менеджмент саласында денсаулық сақтау жүйесiнiң әлеуетiн арттыру» тақырыбында өткен III Халықаралық конференция аясында журналистердiң сұрақтарына жауап берген Денсаулық сатау вице-министрi Ерік Байжүнiсов мәлiмдедi.

260 0

Темекi қораптарының сыртындағы пиктограммалардың көлемi 50%-ға жеткiзiледi. Бұл жөнiнде бүгiн елордада «Менеджмент саласында денсаулық сақтау жүйесiнiң әлеуетiн арттыру» тақырыбында өткен III Халықаралық конференция аясында журналистердiң сұрақтарына жауап берген Денсаулық сатау вице-министрi Ерік Байжүнiсов мәлiмдедi.

«Бүгiнгi күнi денсаулық сақтау министрлiгi темекi қораптарындағы суреттердiң, яғни пиктограммалардың көлемiн 50%-ға жеткiзу туралы бастама көтерiп отыр. Темекi өнiмдерiн шығарушылар «бұл сатылымға керi әсер етедi» деп айтуда. Бұл жай ғана сылтау. Әлемдегi темекi өнiмдерiн шығарушылардың барлығы да солай дейдi. Пиктограмманы енгiзгеннен соң адамдардың барлығы темекi шегудi доғарады деп ойлайды дүйiм жұрт. Олай емес. Әрине, адамдардың белгiлi бiр бөлiгі темекiні тастайды. Бiрақ аталған шара темекi шегудi ендi бастағалы жатқан адамдарға бағытталған. Халықаралық мәлiметке сүйенсек, олардың 50%-ы расында да темекi жайында ойлауды доғарады екен. Мұның өзi үлкен жетiстiк», - дедi вице-министр.

Е.Байжүнiсовтың айтуынша, кей елдерде темекi қораптарындағы пиктограммалардың көлемi 100%-ды құрайды.

«Егер бiздегi темекi қораптарын шетелдегi қораптармен салыстырсақ, онда 40% шынымен-ақ аз, ақпараттылығы төмен. Оның көлемiн ұлғайту керек. Мысалы, кей елдерде мұндай суреттердiң көлемi 100%-ды құрайды. Негiзi, адам баласы қораптағы жазуларға онша мән бермейдi. Ал егер ол процестiң салдары нақты көрсетiлсе, онда оның әсерi өзгеше болары анық. Жалпы, темекi шегу өзiн-өзi өлтiрудiң адам баласы ойлап тапқан ең сұмпайы формасы. Денi сау боп өмiр сүре ме, жоқ өкпе обырынан көз жұма ма, оны бәрiбiр темекi шегетiн адамның өзi шешедi. Бiз тек есiне саламыз. Басты мақсатымыз - осы терiс әдеттен жастарды алшақтату. Бұл қазір өз нәтижесiн берiп отыр» - дедi ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!