ҚТЖ келесі жылдан 3 контейнерлік пойызды жолға шығармақ

Фотография - ҚТЖ келесі жылдан 3 контейнерлік пойызды жолға шығармақ

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жүк тасымалдау үшін «Қытай-Еуропа», «Қытай-Орталық Азия» бағытында 3 контейнерлік пойызды жолға шығармақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ұлттық компанияның президенті Асқар Мамин мәлім етті

153 0

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жүк тасымалдау үшін «Қытай-Еуропа», «Қытай-Орталық Азия» бағытында 3 контейнерлік пойызды жолға шығармақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ұлттық компанияның президенті Асқар Мамин мәлім етті.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда Азия-Еуропа транзиттік бағытында контейнерлік жүктерге қызмет көрсету үшін 14 контейнерлік «шаттл» пойызы тұрақты қатынауда. Бұл темір жол көлігі Қазақстан аумағы арқылы жүктерді тәулігіне мың шақырымдық жылдамдықпен тасымалдауға септігін тиігізеді.

«Нәтижесінде жүктерді шоғырлану орталықтарынан құрлықтық маршрут арқылы Қытай аумағына жеткізу мерзімі дәстүрлі теңіз арқылы тасымалдау жолымен салыстырғанда үш есеге қысқарды», - деді А.Мамин.

Компания басшысының алға тартқан деректеріне қарағанда, ағымдағы жылдың 10 айы ішіндегі контейнерлік пойыздар тасымалдаған жүк көлемі 1540 құрамды құрап, 2012 жылғы деңгейден 15 пайызға асып түскен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!