Оралда «Ақылды қала» жүйесі орнатылуда

Фотография - Оралда «Ақылды қала» жүйесі орнатылуда

Оралда «Жайық жарығы» ЖШС базасында «Ақылды қала» жүйесі орнатылуда

218 0

Оралда «Жайық жарығы» ЖШС базасында «Ақылды қала» жүйесі орнатылуда.

Орал көше-ғимараттар, субұрқақтарын жарықтандыруды бақылауды, бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жүйені енгізетін елдегі бірінші қала болмақшы. Қала әкімі Алтай Көлгінов осы мәселемен айналысатын мекемеде болды. «Жайық жарығы» ЖШС директоры Нұр Төлеуғалиевтің айтуынша, жүйені жаңғырту жоспарына сәйкес жаңа жабдықты орнатудың алғашқы кезеңі аяқталды. Жабдықты алуға, бағдарламалық жағынан қамтамасыз етуге, мамандарды даярлауға 4,5 млн. теңге жұмсалды. Жобаның екінші кезеңіне тағы 1 млн. теңге бөлінді. Қаланың орталық бөлігі жаңа жүйеге қазірдің өзінде қосылды, ендігі кезек әуежайға баратын жолға, одан кейін шеттегі Круглоозерный, Деркөл, Желаев округтеріне кезек тимек.

Жобаны жүзеге асыруға ғылыми-өндірістік базасы бар Пенза институты қатысты. Болашақта жүйеге су мен жылуды бақылауды да енгізу көзделуде. Автоматтандырылған басқару жүйесі қаланың кез-келген жеріндегі жарық нүктелерін, электр желілерін көзден таса қалдырмайды. Тіпті қай жерде ненің істен шыққанын да жедел анықтап бере алады. Соның нәтижесінде электриктер тез жөндей алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!