Ақтөбеде 1 820 тонна картоп және көкөніс тұрақтандыру қорына салынады

Фотография - Ақтөбеде 1 820 тонна картоп және көкөніс тұрақтандыру қорына салынады

Атап айтқанда, келісі 50 теңгеден 1 200 тонна картоп, келісі 45 теңгеден 200 тонна орамжапырақ, келісі 47 теңгеден 150 тонна сәбіз, келісі 45 теңгеден 250 тонна пияз, келісі 55 теңгеден 20 тонна қызылша салынба

217 0

Ағымдағы жылы Ақтөбенің тұрақтандыру қорына 1 820 тонна картоп пен көкөніс салу жоспарлануда, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, келісі 50 теңгеден 1 200 тонна картоп, келісі 45 теңгеден 200 тонна орамжапырақ, келісі 47 теңгеден 150 тонна сәбіз, келісі 45 теңгеден 250 тонна пияз, келісі 55 теңгеден 20 тонна қызылша салынбақ. Сатып алудың көлемі мен бағасы тұрақтандыру қорын құру жөніндегі бағалық комиссиясында бекітілген.

Қазіргі уақытта «Ақтөбе Көкөніс» АҚ қоймаларына 1 060 тонна өнім салынды. Қалған 760 тонна 1 желтоқсанға дейін жеткізіледі.

Сатып алынатын өнім сапасы қала әкімдігінің бақылауында, жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен депутаттардың қатысуымен арнайы комиссия құрылды.

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы Анар Даржанова хабарлағандай, қала әкімдігі тұрақтандыру қорына 1-ші сортты ұн салуға бастама көтерді, бұл аталған өнім бағасын қымбаттатпауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні бағалық комиссия 46 теңгеден 240 тонна көлемде 1-ші сортты ұн салуды бекітті. Тұрақтандыру қорының операторы «АзияАгроХолдинг» ЖШС және «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС арасында өнім жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!