Еліміздің оңтүстігінде оқушылар сабаққа қатыспай, мақта жинап жүр

Фотография - Еліміздің оңтүстігінде оқушылар сабаққа қатыспай, мақта жинап жүр

Бұндай жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының прокуратурасы анықтап отыр.

162 0

Бұндай жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының прокуратурасы анықтап отыр.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде 11 мектептің 669 оқушысы сабаққа қатыспағандығы белгілі болды. Бұл туралы «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі жазады.

Прокуратураның мәліметінше, балалар мақта жинау науқанының басталуына байланысты оқудан босатылған.

«Аудан прокуратурасы жүргізген тексеріс негізінде аудан әкіміне, ауданның білім бөлімінің басшысына заңның бұзылуына байланысты ұсыныс енгізілді. Ұсыныстар қаралды. Енді 7 мектеп директоры, 61 мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары және сынып жетекшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылады»,- делінген аудандық прокуратура хабарламасында.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!