Депутаттар көліктерін нарықтағы бағадан қымбатқа сатып алған

Фотография - Депутаттар көліктерін нарықтағы бағадан қымбатқа сатып алған

Мәжіліс қызметтік көліктерін нарықтағы бағадан бірнеше миллион теңгеге қымбатқа сатып алған. Мұны бүгін күтпеген жерден спикердің өзі айтып қалды

162 0


Мәжіліс қызметтік көліктерін нарықтағы бағадан бірнеше миллион теңгеге қымбатқа сатып алған. Мұны бүгін күтпеген жерден спикердің өзі айтып қалды - деп хабарлады baq.kz

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Қазір барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде Парламентте Өскемендегі зауыттан жаңа қызметтік көліктер сатып алуда. Ал, елімізде шығарылған машиналардың бағасы еш себепсіз 4 млн-ға. дейін өсіп отыр. Ал, дәл осындай Ресейде құрастырылған «Toyota»-ның құны 3 млн. теңге тұрады.

Спикердің шырылауды бекер емес. Заң талабы бойынша, барлық министрліктер мен мемлекеттік органдар, тек отандық көлікті сатып алуы тиіс. Мұны жақсы білетін машина құрастыратын зауыттар бағаны өсіруге әдеттеніп алған. Сөйтіп бюджеттің миллиардтарын қарпып қалуға әуес. Енді Үкімет осындай қитұрқылықтың тамырына балта шаппақ. Бүгін Мәжілістің қарауына мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы келіп түсті. Оны таныстырған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бұл саладағы бейберекетсіздікке тиым салатынын айтты. Жаңадан іске кіріскен министрдің сөзіне депутаттар тез илана қалды. Содан болар көпке ұзатпай құжатты бірінші мақұлымда бекітіп берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!