Астанада зообақ салынады

Фотография - Астанада зообақ салынады

Астанада 2015 жылдан бастап зообақ құрылысы басталатын болды. Бұл жайында Tengrinews.kz сайты хабарлады.

165 0

Астанада 2015 жылдан бастап зообақ құрылысы басталатын болды. Бұл жайында Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Қала әкімшілігі мамандарының хабарлауынша, хайуанаттар бағының құрылысы 2015 жылы басталып, 29 айға созылады. Оның жалпы аумағы 50 гектар жерді құрамақ. Ал, зообақ нысандары 28 мың шаршы метр жерге орналасады. Алдын ала болжам бойынша, жануарларды тамашалау үшін жылына 60 мың адам орталыққа келуі мүмкін. Ал, мұндағы қызметкерлер саны 300 адамды шамалайды.

Астанада салынатын хайуанаттар бағында жан-жануардың 49 түрі болады деп күтілуде. Жоспар бойынша, әрбір повильонның өзіндік климаты болмақ. Төбесі жабық бөлмелерде аң-құстармен бірге экзотикалық өсімдіктерді де кездестіруге мүмкіндік бар. Жоба авторларының айтуынша, зообақта қауіпсіздіктің барлық шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, жартастар мен өзендер де орталықта көрініс табады.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!